LRT 2025 жылдың соңында іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

LRT 2025 жылдың соңында іске қосылады

24.10.2024

Астанада LRT 2025 жылдың соңына таяу іске қосылады. Жеңіл рельсті көлік машиниссіз жүреді. Ал бұл жүйені сынақтан өткізуге кемі алты ай қажет. Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов LRT-ның құрылыс барысын тексерді. Үкімет басшысы жоба эстакадасының арқалықтарын төсеу кезеңі аяқталғанына көз жеткізді.

Стансалардың негізгі темірбетон конструкцияларының құрылысы биыл жыл аяғына дейін бітуі тиіс. Келесі жылы рельстер төселіп, стансаларды әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Сонан соң жылжымалы құрамдарды жеткізетін депо құрылысы жүзеге асады. Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесі бойындағы эстакадалық бөлік абаттандырылады. 

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу