LRT-ны іске қосу уақыты кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

LRT-ны іске қосу уақыты кейінге шегерілді

11.08.2023

LRT-ны іске қосу уақыты кейінге шегерілді және жобаның жалпы құны 300 млн теңгеге артқан. Бұл туралы қалалық мәслихат жиынында «City Transportation Systems» басқарма төрағасы Ғани Тәжиев айтты. Жалпы жобаны іске қосу екі кезеңнен тұрады. Біріншісі - 2025 жылы, - екіншісі 2026 жылы. Жалпы, ЛРТ-ның ұзындығы 22,4 шақырым болады.  


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу