Соңғы 5 жылда ілбістің саны 20% өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 5 жылда ілбістің саны 20% өскен

22.10.2024

Қазақстанда соңғы 5 жылда ілбістің саны 20% артып, 152-ден 189-ға жеткен. Ал көрші Қырғызстанда 400-і мекендейді. Сирек кездесетін жануар үнемі қоныс аударып отыратындықтан, оны қорғау халықаралық деңгейде жүзеге асырылуы тиіс, - дейді ерекше қорғалатын табиғи аумақтың мамандары. Осыны ескерген екі ел ілбісті сақтау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім бойынша тараптар алдағы бес жылда ілбіске, оның мекендейтін жерлеріне және азық қорына мониторинг жүргізеді. Бұл келісім Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының бастамасымен және жаһандық экологиялық қордың қар барысын сақтау жөніндегі алты жылдық жобаның аясында жүзеге асып отыр.

Сухроб Ходжиматов, Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары:

Ілбіс – өте сирек кездесетін жануар. Ол әлемнің 12 елін, яғни Үндістан, Непал, Ауғанстанның солтүстігін, Орта Азия және Монғолияны мекен етеді. Бүгінгі меморандумның арқасында ілбісті зерттеу үшін әлемдік озық технологиялар қолданылады. Атап айтсам, ғарыштан суретке түсіріп, фото тұзақ және дрондарды пайдаланамыз.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу