Абай облысында 9 айда 780 жол апаты тіркелген. Салдарынан 59 адам қайтыс болған. Мыңнан астам адам жарақат алған. Енді апаттың алдын алу үшін полицейер жолдарды дронмен бақылайтын болды. Ереже сақтамайтындарды қала төңірегінде және үлкен тас жолдарда ұшқыш аппараттың көмегімен анықтамақ. Қазірдің өзінде көлік ағыны көп жолдарда жылдамдықты шамадан тыс асырғандар, жолақтар мен жол белгілерін ескермейтіндер анықтала бастады. Тәртіп сақшылары енді әуеден бақылау жүргізу арқылы жол көлік оқиғалары әлдеқайда азаяды деп отыр.
Ержан Жақып