Астанада көктайғаққа байланысты күре жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көктайғаққа байланысты күре жолдар жабылды

22.11.2023

Астанада көктайғаққа байланысты күре жолдар жабылды. Қоғамдық көліктер қатынасы да тоқтатылды. Қалған ақпаратты тілшіміз Жандос Темірғалиден білейік. Жандос, сіз эфирдесіз...

Жандос Темірғали, Тілші:

Елордадан шығатын барлық жол жабылды. Астана-Қорғалжын, Екатеринбург-Алматы, Петропавл бағыты бойынша көлік қозғалысына шектеу қойылды. Біз қазір Көкшетауға қарай қатынайтын автобанның бойында тұрмыз. Мұнда полицейлер мен төтенше жағдай қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Кезекте тұрған көлік көп. Кептелістің ұзындығы шамамен 1 км-дей болады. 

Жол сақшылары өте абай болуға шақырады. Өйткені, елордада таңертеңнен бері 40-тан астам жол-көлік апаты тіркелді. Көктайғақтан 17 адам жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Жандос Темірғали, Тілші:

Коммуналдық қызмет те күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Шаһар маңындағы елдімекендерге қатынайтын 6 бағдар бойынша қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылды. Синоптиктер қолайсыз ауа райы апта соңына дейін жалғасады деген болжам жасап отыр. Нақтырақ айтсақ, Ақмола, облысының батысында, солтүстігінде желдің күші секундына 23-28 метге, кей уақыттарда екпіні 30 м/с-ке жетуі мүмкін.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу