Қызылорда облысында 120 отбасы үйлі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 120 отбасы үйлі болды

22.10.2024

Республика күні қарсаңында Қызылорда облысы Қазалы ауданының Абай ауылына табиғи газ берілді. Ал аудан орталығында 120 отбасыға пәтер кілті табыс етілді.

Осы кезге дейін баспана қиындығын көріп келген отбасылар бұл қуанышты сәтті ұзақ күтті. Көбі он жылдан аса үй кезегінде тұрғандар. 60 баспана мемлекеттік бағдарлама бойынша салынды. Жаңа қонысқа ие болған жандар дән риза.

Аманкүл Сармантаева, көпбалалы ана:

Бұған дейін туысқандарымның үйлерінде тұрдық. Үй өте жақсы. Биік, кең, жарық, жылы. Ұнады, қуаныштымын.

Ал Сыр беткейде орналасқан Абай ауылының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Өзеннің арғы бетіне тартылған магистарльді газ құбыры әрі қарай 10-нан аса елдімекенді қамтуға мүмкіндік береді. Екі жүздей түтіні бар ауыл жұрты от жағып, күл шығару бейнетінен құтылып, қуанышқа бөленіп жатыр.

Венера Қарсақбай, Абай ауылының тұрғыны:

Бүгіннен бастап беріліп жатыр газ ауылымызға. Жағып көріп жатырмыз. Қиындықтан құтыламыз енді. Біздің де өміріміз жеңілдеп жатыр. Қаланың адамымен теңесіп жатырмыз, шүкір.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу