85 отбасы үйлі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

85 отбасы үйлі болды

30.12.2019

Көкшетауда бүгін 2 үй қолданысқа беріліп, 85 отбасы пәтер кілттеріне ие болды. Олар баспанаға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қол жеткізіп отыр. Тұрғын үйлер Көкшетаудың «Сарыарқа» деп аталатын жаңа ауданында салынды. Жалпы Ақмола облысында биыл барлығы шамамен 500 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Олардың көпшілігі Көкшетау қаласында. Бүгін сондай-ақ, тәртіп сақшыларына 5 қызметтік көлік табысталды. Осылайша, құқық қорғау саласының материалдық-техникалық базасы біртіндеп жаңартылуда. 

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу