Балеттен халықаралық байқаулардың жүлдегері – Әлішер Қасымхан
Арамызда өзінің жан қалауымен айналысып, үлкен белестерді бағындырып жүрген жастар аз емес. Солардың бірі – балеттен халықаралық байқаулардың жүлдегері Әлішер Қасымхан.
Әлішер – Алматыдағы хореграфия училищесінің 3-курс студенті. Балетке бала кезінен қызыққан ол 2017 жылдан бері бекзат өнермен кәсіби түрде айналысады. Өнер ордасына ең алғаш рет әжесі ертіп келіпті. Содан бері жеті жыл ішінде бірнеше халықаралық байқауға қатысқан. Соңғы рет Мәскеу қаласында жастар арасында өткен балет сайысына қатысып, үшінші орын иеленіпті. Бұл додада әлемнің 10-нан аса елінен жүздеген әртіс бақ сынаған.
Әлішер Қасымхан, студент, халықаралық байқаулардың жүлдегері:
Балет бұл – өте күрделі өнер. Дайындықты бір күн жіберіп алуға болмайды. 3 минуттық өнер үшін күнінен 8-9 сағат дайындалуға тура келеді. Десе де, бар қиындықты сахнаға шыққанда ұмытып кетесің. Бұдан да жоғары халықаралық байқауларда өнер көрсетіп, ел намысын қорғасам деймін.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихшы: ІІ д.с. кезінде немістер еліміздің батысын ұшақпен шабуылдаған
11.09.2025, 14:27

Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
11.09.2025, 14:24
2026-жылдан бастап Ақтөбе әуежайында тасымал еселеп артады
11.09.2025, 14:21
Қызылорда облысында 41 мыңнан аса адам мемлекеттік жәрдемақы алады
11.09.2025, 14:18
Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
11.09.2025, 14:15
Кубада миллиондаған халық тағы да жарықсыз отыр
11.09.2025, 14:12
Непалда коменданттық сағат мерзімі ұзартылды
11.09.2025, 14:09
Түркістан облысында жалған құжатпен миллиондап субсидия алғандар анықталды
11.09.2025, 14:06