Жамбылда газ саласының үздіктерін анықтайтын «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы өтті. «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының қызметкерлері арасындағы дәстүрлі сайысқа еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық маман қатысты. Олар екі күнге жалғасқан жарыста 13 аталым бойынша кім мықтыны анықтады.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның кезекті кәсіби шеберлік байқауы 18 жылдан беріп өтіп келеді. Сайысқа іріктеу сынынан сүрінбей өткен мықты мамандар қатысты. Олар газ құбырын дәнекерлеу, желілілік құбырды өткізу, ұңғымалары күрделу жөндеу, дәрігерлік шұғыл көмек секілді 13 бағыт бойынша кәсіби деңгейлерін көрсетті. Тапсырмаларды орындау теориялық және тәжірибе түрінде өрбіді.
Үздік атануға үміттілер арасында еңбек өтілі 30 жылдан асқандар да, жұмысқа жаңадан кіргендер де бар. Соның бірі Ақтөбе облысынан келген Дабыл Әтенов. 25 жастағы жас маман 4 жылдық тәжірибесіне қарамастан «Газ тарату станциясының операторы» аталымы бойынша үздік атанды.
Дабыл Әтенов, «Ақтөбе» МГҚБ газ тарату станциясының операторы:
Конкурс оңай болған жоқ. Менің өзімнің мамандығым бойынша 10 қатысушы болды. Солардың арасынан бірінші орын алу бұйырды. Ол әрине көптеген дайындықтар және жылу желілерінде жиналған тәжірибелер арқасында бұйырған нәрсе. Барлық жағынан, қырымыздан көрсетуге мүмкіндік беріп жатқан компаниямыздың басшылығына рақмет айтамын.
Жарыста жеңіске жеткендердің жалақысы да өседі. Үздік үштікке енгендерге алған орындарына байланысты қосымша қаржы бір жыл бойы төленеді.
Азамат Давлетов, «Интергаз Орталық Азия» АҚ техникалық директоры:
Бұл байқау қызметкерлердің мамандыққа деген қызығушылығын оятып, сапалы жұмыс істеуге сеп болады. Сондықтан мамандарға мотивация беретін шараларды өткізіп тұрамыз. Қатысушылардың барлығы үздіктер. Газ саласы жұмысшы мамандықтарының арқасында алға жылжып келеді.
Байқауда жеке дара шеберліктен бөлек, аймақтық командалардың да үздігі анықталды. Бұл ретте өзге өңірлерден оқ бойы озық болған «Шымкент магистралды газ құбыры басқармасы» ауыспалы кубокты жеңіп алды.
Данияр Әлімқұл