Алаштанудың өзекті мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаштанудың өзекті мәселелері талқыланды

18.10.2024
0:00:00
0:00:00

«Журналистика саласын жетілдіріп, мамандардың кәсібилігін арттыру үшін Жоғары оқу орындарында жағдай жасалу керек». Бұл туралы «Алаштанудың өзекті мәселелері: ғылыми зерттеудің әлемдік, отандық арналары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды. Ғылыми қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен жиын алаштанушы ғалым, профессор Қайрат Сақтың 60 жылдық мерейтойына арналды. Жиында журналистика мен әдебиеттанудың, дінтанудың, сондай-ақ алаш қайраткерлерінің әлеуметтік, саяси-құқықтық, философиялық көзқарастары, бүгінгі таңдағы өзекжарды мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, профессордың журналистика саласына және алаштану бағытында жазған ғылыми еңбектері келешекте көлемді мақалаға айналатыны талқыланды.

Амангелді Мейрамұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі:

Қайрат ағамыз өмірлік 30 жылдан астам ғылыми педагогикалық бағытта арналған қызметтестік саладағы әріптестер, түрлі декандар өз еңбегін ұсынып отыр. Халықаралық ғылыми конференция болғандықтан жүзден астам ғылыми баяндамалар келіп түсті. Алдағы уақытта бұлар ғылыми жинақ болып шығады.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу