Отандық БАҚ-тың өзекті мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық БАҚ-тың өзекті мәселелері талқыланды

30.10.2014
Отандық БАҚ-тың өзекті мәселелері талқыланды

Астанада өткен «Media EXPO-2014» көрмесі аясында «Ой қуаты: қазіргі отандық БАҚ-та жаңа технологиялар» атты пікірталас өтті. «Қазмедиа орталығы» басқарма компаниясы ЖШС медиа-мектебінің директоры Дана Рысмұхамедова модераторлық еткен сессия жұмысына «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшім, «Қазақтелеком» компаниясының өкілі Дәурен Қарымсақов қатысты.

Ал, «Отандық медиалық өнім жасау, басыбайлы өндіріс, отандық контент: өткір проблемалар, оң шешімдер, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында өткен қызу талқылауға «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Арсен Дүйсенов жетекшілік етті.

Сессияда «Хабар» агенттігі АҚ стратегиялық жоспарлау директоры Ғазиза Жаппарова, «AraiProduction» ЖШС бас продюсері Vosgimoruki an Virginia, Данияр Жәнібеков және «Alash Media Group» өкілі Айбек Алдаберген өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, шара аясында Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай «Нұр Отан» ХДП мен Орталық коммуникациялар қызметіне Алғыс хат тапсырып, журналист Владислав Цойға клубтың арнайы төсбелгісін табыс етті.

Хабарламаларға жазылу