Білім саласының өзекті мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

21.10.2019

Еліміздегі мектептер 2021 жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне көшірілмек. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында осылай деді. Қазір мектептердің 95 пайызы жаңа оқу бағдарламасына көшірілген. «Алдағы 2 жылда біздегі жүйе толығымен жаңа бағдарламаға дайын болады», - деді министр. 

Жиын барысында білім саласындағы шешімін таппай отырған бірқатар қордаланған мәселелер де көтерілді. Мәселен, қазір балабақшаларда жұмыс істеп жатқан тәрбиешілердің 60 пайызға жуығы ғана кәсіби дайындықтан өткен. 3 аусымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептердің азаймай тұрғандығы да депутаттардың назарынан тыс қалмады. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Біріншіден, ол мемлекет тарапынан қаржыландыру. Мектептерді салу. Екіншіден, ол жекеменшік серіктестік арқылы осы мәселені шешу. Бұл мәселе бойынша біз жан басына қаржыландыру әдістемесін дайындадық. Сол бойынша биылғы жылдың өзінде 50 жекеменшік әріптестік арқасында салынып жатыр. Сондықтан осы 2 тетікті пайдалана отырып осы проблеманы шешеміз деп ойлаймыз.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу