Боливияда 10 млн гектардан астам алқап өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда 10 млн гектардан астам алқап өртенді

08.10.2024

Боливияда биыл орман өрті 10 млн гектардан астам аумақты шарпыған. Бұл - Американың 19 миллион футбол алаңына тең аумақ. Тілсіз жаудан елдің тропикалық шығысындағы аудандар зардап шекті. Ауыл шаруашылығы дамыған ауқатты Санта Круз өңірінің өзінде 7 млн гектар жер өртенген.

Боливия үкіметі мұны ұлттық апат деп жариялады. Оттың тұтануы адами факторға, ыстық және құрғақ ауа-райына байланысты. Ұзаққа созылған қуаңшылық жағдайды ушықтыра түскен.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу