Чилиде 700 гектардан астам орман алқабы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде 700 гектардан астам орман алқабы өртенді

03.02.2023

Чилиде күн ысып, орман өрті тұтанды. Елдің орталығын шарпыған тілсіз жау 700 гектардан астам алқапты күлге айналдырған. Бірнеше үй өртенді. Өрттің тез тарауына ыстық ауа-райымен бірге құрғақ жел де себепші болған. Қауіпті аймақ тұрғындары уақытша басқа жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күні-түні күресіп жатыр

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу