Бірнеше елде өрт тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше елде өрт тіркелді

10.06.2023

Қазір, тек Қазақстанда емес, әлемнің бірнеше елінде ірі өрт оқиғалары болып жатыр. Ең үлкені – Канаданың шығысы мен батысында. Мұнда 400-ден астам орман өрті тіркеліп, 4 млн гектардан астам алқап отқа оранды. Қызыл жалынмен күрес 4 күннен бері жалғасып жатыр. Канадаға Австралия, Португалия, Испания, Оңтүстік Африка мен Жаңа Зеландия көмек көрсетуде. Сонымен қатар, АҚШ-тың 10 штатында және Ресейдің Алтай өлкесінде өрт оқиғалары тіркелді.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу