Сонымен референдум аяқталды. Бүкіл еліміз бойынша біздің бағдарлама басталғанда - 20:00-де учаскелер жабылды.
Соңғы мәліметтер қандай - қанша адам дауыс берді, жалпы қалай өтті? «Аптаның» тілшісі Раушан Сайлауқызы тікелей эфирде.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Иә, дәл осы сәттен бастап дауыс беру тоқтады. Жетіге таман келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 7 млн 500 мыңнан астам азамат бюллетень толтырып, таңдауын жасады.. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 61 пайызы. Оның ішінде Қызылорда өңірі көш бастап тұр. Халықтың 79 пайызы дауыс берген. Одан соң Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары да алда келеді. Ал ең төмен дауыс берген өңір - Алматы қаласы. Халықтың 23 пайызы таңдау жасаған. Жалпы елімізде 10 мың 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Ал дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар. Қазақстан аумағынан тыс 59 елде 74 референдум учаскесі құрылған.
Раушан Сайлауқызы