Елімізде балалар құқығын қорғау бағытында қатаң шаралар қолданылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде балалар құқығын қорғау бағытында қатаң шаралар қолданылады

13.09.2023

Көрші үйде бала жыласа, үнсіз қалмаңыз! Оқу-ағарту министрлігіне қарасты балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы қазақстандықтарды жеткіншектерге көрсетілетін зорлық-зомбылықпен белсенді күресуге шақырды. Алайда әлеуметтік желілерде зәбір көрген баланың түрін көрсетуге болмайтынын атап өтті. «Мәселеге бей-жай қарасақ баланың болашағы да бұлыңғыр болуы мүмкін», - дейді комитет басшысы.

Насымжан Оспанова, ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:

Елімізде балалар құқығын қорғау бағытында қатаң шаралар қолданылады. Заңнама бойынша балаға зорлық-зомбылық көрсету фактісі туралы хабарлау үшін өтініш жазудың қажеті жоқ. Жалғыз рет қоңырау шалса жетіп жатыр. Көрші үйден баланың шыңғырған, жылаған даусын естідіңіз бе – үнсіз қалуға болмайды. Бұл құзырлы органдарға хабарлайтын жағдай.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу