Биыл Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестріне - 90 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестріне - 90 жыл

04.10.2024

Биыл халқымыздың ұлттық кәсіби музыка өнерінің қарашаңырағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің құрылғанына - 90 жыл.

1934 жылы академик Ахмет Жұбанов іргетасын қалаған оркестр алғашқы жұмысын 11 домбырашымен бастаған.

Өнер ұжымы мерейтойлық концерттің шымылдығын Құрманғазы Сағырбайұлының «Серпер» күйімен ашты. Кештің арнайы қонақтары Қырғызстан мен Өзбекстанның халық әртістері және күйші Секен Тұрысбеков, Қазақстанның Халық әртістері Талғат Күзембаев, Нұржамал Үсенбаева, Айгүл Үлкенбаева бастаған өнер қайраткерлері сахнада өнер көрсетті. Мерейтоға орай ұйымдастырылған «Інжу-маржан» деп аталатын кештің аясында келушілерге тұңғыш оркестрдің қалыптасу кезеңінен мағлұмат беретін құнды жәдігерлер топтамасы көрсетілді. Мерекелік шара екі күнге жалғасады. 90 жылдықтың екінші күні «Дирижерлар шеруі» өтеді.

Абылай Тілепбергенов, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері:

Әрине,біздің Құрманғазы оркестрінің негізгі репертуары күй болғандықтан сонау Құрманғазы бабамыздан келе жатқан қазақтың ұлы композиторларының күйлері мен әндерін орындап, әлемдік классикалық шығармаларды да көрерменге ұсынамыз. Бұрынғы оркестрлардың бас дирижерлары болған және басқа да белгілі дирижерлар сахнада өнер көрсетеді.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу