Елордада Сыдық Мұхамеджановтың 90 жылдығына арналған кеш өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Сыдық Мұхамеджановтың 90 жылдығына арналған кеш өтеді

12.11.2014
Елордада Сыдық Мұхамеджановтың  90 жылдығына арналған кеш өтеді

Шара «Астана Опера» театрының концерт залында ұйымдастырылады.

Сыдық Мұхамеджановтың Абай өлеңдеріне жазылған әндері ерекше дараланды. Шуақты лиризмге тұнған балалық шақ, жастық шақ, бейбітшілік, еңбекті жыр еткен әндері мен романстары ел арасында кеңінен танымал.

Ал, «Дауыл» атты бірнеше бөлімді симфониясы ұлттық музыкаға қосқан елеулі үлесі болды. Оның скрипка мен фортепианоға арналған сонаталары, халық аспаптар оркестріне жазылған пьесалары, күйлері, камералық оркестрге жазылған поэмалары қазақтың аспаптық, оркестрлік, камералық шығармаларының жан-жақты дамығандығын, оның биік көркемдік дәрежесін көрсетеді. 

Кеште талантты, біртуар композитордың таңдаулы шығармалары орындалады.

Хабарламаларға жазылу