Бельгия әуежайларында жағдай тұрақталды. Естеріңізге салсақ, кеше Брюссель және Шарлеруа әуежайларынан 300-дей әуе рейсі ұшпай, 50 мыңнан астам жолаушы жолынан қалған болатын. Оған әуежайдың қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлердің жұмысты тоқтатып, ереуілге шыққаны себеп.
«Бүгін барлық рейстер өз уақытымен ұшып қонып жатыр. Ешқайдай кешігу жоқ», деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.
Левен католик университеті мамандарының есебінше, бір күндік ереуілдің кесірінен ел экономикасына 20 млн еуро шығын келген.