Ескелді ауданында жағдай тұрақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескелді ауданында жағдай тұрақталды

13.08.2023

Қарлығаш Өмірқазықызы, Ешкіөлмес ауылының тұрғыны:

Мына жерде тоңазытқыш болды. Далаға шығардық. Сына шкафтың астына кірпіш қойдық. ТЖД балаларына рақмет. 5-6 бала осы жерде жұмыс жасады.

Тосыннан келген апат Қарлығаш Өмірқазықызын есеңгіретіп тастаған. Су басқанда үйде 80 жастағы анасы болған. Жүре алмайтын еді, абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде сыртқа алып шықты дейді.

Қуан Нұрақын, тілші:

Кешегі толассыз жауған жауынның деңгейі өздеріңіз көріп тұрғандай менің тіземнен жоғары, яғни 50-60 сантиметрге дейін көтерілген. Одан кейін үйдің ішіне дейін кіріп кеткен. Қазір үйдің ішіндегі жиһаз, тұрмыстық техникалардың барлығы дерлік жарамсыз қалған. Үйдің иелері оны сыртқа жинап қойған.

Жәмилә Ақасбек, Ешкіөлмес ауылының тұрғыны:

Артқы жақтан сел келе жатты. Қашып шығамыз деді. Керегені басты. Бала-шағамызбен быжылдап отырдық.

Жәмилә Ақасбек сел тұтқиылдан келгенін айтады. Айналасы жарты сағаттың ішінде үйін су басқан. Отағасы да далаға шығып үлгермей қалдық дейді.

Серғазы Ерзат, Ешкіөлмес ауылының тұрғыны:

Су мына жақтан келген. Шөптерді бір-ақ басып кетті. Үйдің мына жеріне дейін келген. Қора-жайымызды бірақ су алып кетті. Су іші. Толып тұр.

Сембай Тоқанұлы, ешкіөлмес ауылының тұрғыны:

Осы лапастың астынан кірді. Адамды ұшырып кетті. Судың ағыны сондай қатты келді. Содан соң ары жүгіріп, бері жүгіріп алдын тосқан болдық. Немене қолымыздан келеді техника жоқ. Әйтеуір алдының бәрін дсп-мен ұстап, артына қазық қағып, темір қойып. 3-4 сағат сумен алысып жүрдік. Үйге кіріп кетті. Арғы жақта моншаға, септикке кіріп кетті. Есікті ашпағанымыз жақсы болды. Әйтеуір үйіміз аман қалғандай болды.

Ешкіөлмес және Абай ауылдарында 120 үйдің ауласын су басып, 20 баспананың іші лайға толған. Тіпті аулада тұрған көліктерге де залал келген.

Сулейман Байгазинов, Ешкіөлмес ауылының тұрғыны:

Өздеріңіз көріп тұрғандай сырттағы су есіктің бел ортасынан келген. Іші суға толды. Барлық электр сымдары жарамсыз. Сақтандыру компаниясы мұны төлемейді. Не істерімді білмеймін.

Жәмилә Ақасбек, Ешкіөлмес ауылының тұрғыны:

Екі қолымызбен, жұдырығымызбен жан бағып отырғанбыз. Бала-шағамызды оқытып. Қайтеміз енді? Көмек қолдарыңызды созсаңыздар дейміз. Құдайдың құдыреті ғой. Бұл да бір сынағы шығар.

Апаттың салдарын жою мақсатында арнайы комиссия құрылып, шығын көлемі есептеліп жатыр. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, 3-4 күнде шығын көлемі толық есептелетінін айтты. Уайымдауға еш негіз жоқ, мәселе шешіледі деп уәде етті.

Бейбіт Исабаев, облыс әкімі:

Таудың бөктерінен аққан суларды каналға қарай бұрдық. Екнішіден ауласына су кірген адамдардың 30 шақты адамды эвакуация жасап, мектепке апардық. Үшіншіден 16 сорғышпен аулаға, үйге кіріп кеткен сулардың барлығын тартып шығардық. Бүгіннен бастап негізгі мақсатымыз келтірілген шығынның көлемін және оған қанша қаражат бөлінетінін анықтаймыз.

Табиғаттың тосын мінезінен бірнеше ауылды су басқан Ескелді ауданында қазір жағдай тұрақталды. Апаттың салдарын жою мақсатында 300-ге жуық маман, 40-тан аса техника жұмылдырылды.

Қанат Алтынбеков, облыстық ТЖД Басшысының орынбасары:

Төтенше департаменті және Ұлттық ұлан сонымен қатар жергілікті атқұарушы органдармен, күштік құралдармен су сору жұмыстары және лайды тазалау жұмыстары жалғасуда.

Қазір Ескелді ауданында жағдай тұрақталды. Ешкіөлмес ауылында бес ал, Абай кентіндегі екі көшеде әлі де лайдан тазалау жұмыстары жалғасуда.

Қуан Нұрақын, тілші:

Облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы бастаған апаттың салдарын жою мақсатында құрылған комиссия мүшелері таңнан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, шығын көлемін есептеуде. Өңір басшысы мәселені тездетіп шешуге уәде етті. Қазір комиссия су басқа тағы бір елдімекен Абай ауылына жол тартты. Алдағы уақытта бізде соңғы ақпараттарды жеткізіп отыратын боламыз.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу