Қызылордада жағдай тұрақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жағдай тұрақталды

09.01.2022

Қызылордада жағдай тұрақталып, тәртіп бұзушылық тоқтаған. Облыста түнгі 11 мен таңғы 7 аралығында коменданттық сағат енгізіліп, полиция күшейтілген режимде тәртіптік бақылау жүргізуде. Қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Ел тыныштығын қамтамасыз етуде полиция мен әскери жасақ күн-түн демей қызмет етуде. Жалпы өткен түн тыныш өтті. Бізге тәртіп бұзушылық туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Кешеден бастап облыста блокбекеттер саны 27-ге ұлғайды. Оның бесеуі қалада болса, қалғаны аудан орталықтарындағы күре жолдардың бойына қойылды.


Қалада барлық нысандар ашылды ма?

Әділбек Серікұлы, тілші:

Кеше қоғамдық көлік пен ауданааралық автобустар қатынай бастады. Сондай-ақ, Қорқыт ата әуежайынан Нұр-Сұлтан - Қызылорда бағытындағы ұшақтардың рейсі жанданды. Нысандар бойынша шағын азық-түлік дүкендерінен бөлек, тұрмыстық, киім-кешек сататын үлкен базарлар ашылды. Және банкоматтарға ақша толтыру жұмыстары жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу