ҰБТ-дан екі күннің ішінде алты түлек 125 балл жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-дан екі күннің ішінде алты түлек 125 балл жинады

04.06.2016
ҰБТ-дан екі күннің ішінде алты түлек 125 балл жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеудіңдің екі күні қорытындысымен алты түлек рекордттық 125 балл жинады, олардың бесеуі - Алматы мектептерінің оқушылары.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша, 2 және 3 маусым күндері өткізілген тестілеуге 37157 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 26995, орыс тілінде - 10162 бітіруші. 

«Тестілеудің екі күнінде мүмкін болған 125 баллды Алматының бес түлегі: Динара Мәткалиева («Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»),  Аружан Мейрханова  (Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»), Рамзия Оспанова  («Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»), Еркежан Мұхаметқали  «(№175 гимназия «Жаңа ғасыр»), Қалдыбек Махамбетов   "«№169 мектеп-лицей»)  жинады. Сондай-ақ «Қаратөбе мектеп-гимназиясынан» Ақнұр Беркінова(Батыс Қазақстан облысы) 125 баллға ие болды. 

Тестілеу бірінші күні 44 ҰБТӨП-тің, ал екінші күні 60 ҰБТӨП-тің  базасында өткізілді.

Тестілеудің екі күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 10 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:

- ұялы байланыс телефондары тәркіленген - 9 бітіруші;

- емтихан материалдарын бүлдірген - 1 бітіруші.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

2016 жылы 3 маусымда Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 123 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 25 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5-ті құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен болды.

Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:

-         әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;

-         техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуіне құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-сі мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі. 

Хабарламаларға жазылу