Астанада айыппұлдан жалтару үшін пара ұсынған адам 10 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада айыппұлдан жалтару үшін пара ұсынған адам 10 жылға сотталды

30.09.2024

Астанада пара беріп ұсталған тұлға жазадан жалтару үшін тағы пара ұсынған. Қалалық прокуратура алаяқтық және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу дерегі бойынша тергеуді аяқтады. 2018 жылы сот үкімімен пара берушіге 672 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Ол жазадан жалтару үшін уәкілетті органға айыппұлды төлегені туралы жалған құжат ұсынған. Бұл қылмысы дер кезінде анықталып, сот үкімі айыппұлдан 10 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Оған қоса ірі көлемдегі айыппұлды төлеуден сытылып кетуге көмектескен тағы бір тұлға қолға түсті. Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу