2 мың теңге пара беремін деп 353 мың теңге айыппұл төледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 мың теңге пара беремін деп 353 мың теңге айыппұл төледі

03.04.2019

Петропавл қаласының тұрғыны көлікті сақтандыру құжатынсыз тізгіндеген. Оны тексеріс барысында  Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан полиция бақылау бекетінің қызметкерлері анықтаған.

Ал заңды бұзған жүргізуші әкімшілік жазадан жалтару үшін полиция қызметкеріне 2 мың теңге ақша ұсынған. Алайда, жол инспекторы пара берудің де құқық бұзушылық екенін ескеріп, жүргізушіні жауапқа тартқан. Бурабай аудандық соты пара берген азаматқа 353 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу