Денсаулық сақтау басқармасының қызметкері пара талап еткені үшін сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау басқармасының қызметкері пара талап еткені үшін сотталды

12.04.2022

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы сотталды. Ол былтыр маусым айында «қысқа ішек синдромы» диагнозы бар науқас балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу бойынша 78 млн теңге сомасында тендерді жеңіп алғаны үшін жеке компаниядан жоғарыда көрсетілген келісім сомасының 10% пайызын сұрап, пара талап еткен. Параны бермеген жағдайда компанияны жауапсыздар қатарына қосуы мүмкін екенін айтып бопсалаған.

Конкурс нәтижесі бойынша 1 млн теңге алған айыпталушы қазір кінәсін мойындамай отыр. №2 Медеу аудандық сотының үкімімен күдікті мемлекеттік қызметтен және квазимемлекеттік сектордан өмір бойына шеттетіліп, 3 жылға сотталды.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу