Ұлттық арнада жаңа жоба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада жаңа жоба

24.03.2017

Ұлттық арнада тағы бір тың жоба. Наурыздың 28-нен бастап «Тең мүмкіндіктер уақыты» атты жаңа бағдарлама көрерменге жол тартады. Апта сайын эфирге шығатын 15 минуттық хабар түрлі бизнес-идеялар ұсынатын алаңға айналмақ.

Табыстың кілтіне қол жеткізудің қыр-сырына қанықтырады, өндірісті өркендетудің өрісті бастамаларын көрсетеді. Сан-саланы қамтиды. Бастысы – нәсібін кәсіптен тапқысы келетіндерге бағыт-бағдар береді.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу