«JańgyryQ»: Ұлттық арнада жаңа жобаның тұсаукесері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«JańgyryQ»: Ұлттық арнада жаңа жобаның тұсаукесері

01.04.2019

Ұлттық арнада жаңа жоба. Таяуда «Jangyryq» атты жобаның тұсауы кесіледі. Артықшылығы - тың бағдарлама заманауи қазақ музыкасында өз жолын салып келе жатқан авторлық музыкаға арналған. Яғни, алаң өзіндік ойымен, орындау мәнерімен, шығармашылық идеясымен ерекшеленетін авторлардың басын қоспақ. 

Жалпы, сайыс 4 концерттен тұрады. Әр орындаушының өз музыкалық тобы болады және өзінің авторлық туындыларын ғана орындайды. Түсірілім бір дубльмен, концерттің шынайлығын сақтау арқылы жүзеге асады. Дыбыс пен видео сапасын қамтамасыз ету үшін арнайы режиссерліқ топ пен дыбыс режиссерлары жұмыс істейтін болады.  Айта өтейік, ерекше ән байқауының тұсаукесері апта соңында Ұлттық арнада көрсетіледі.

Мақпал Жұмабай - «Jangyryq» жобасының продюсері:

Бұл авторлық музыка мен жанды дыбысты насихаттайтын еліміздегі бірден-бір музыкалық жоба. Бағдарлама бұқаралық сипат алған бүгінгі ән өнеріне жаңа тыныс береді деп сеніп отырмыз.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу