Авиация саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Авиация саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

27.09.2024

1 қазан халықаралық қарттар күні қарсаңында Астана әуежайының әкімшілігі авиация ардагерлеріне құрмет көрсетті. Шара 15 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Мақсат – зейнетке шыққан азаматтардың еңбектерін бағалап, құрмет көрсету.

Мұхитдин Байымбетов өмірінің 45 жылын авиация саласына арнаған. Қазір Астана халықаралық әуежайының Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Оның айтуынша кеңесте 180 ардагер бар. Әуежай әкімшілігі жүйелі көмек көрсетіп тұрады.

Мұхитдин Байымбетов, авиация ардагері:

Жалғыз басты кісілерге, тылда істегендерге, 7-8 стадия барларға жылына шамамен 10 млн-дай ақша бөледі. Зейнеткерлердің жұмыс істеген жасы аэропортта 15 жыл мен 53 жылға дейін табжылмай жұмыс істеген адамдар.

Сала ардагерлерін жан-жақты қолдау көрсету шаралары 2009 жылдан басталған. 15 жыл бойы дәстүрге айналған игі іс биыл да жалғасын тапты.

Руслан Пыштанов, «Астана» халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

Бүгін жылдағы дәстүрден жаңылмай авиация саласының ардагерлерін шақырып, қарттар күнімен құттықтадық. Әрқайсысының бұл салаға сіңірген еңбегі зор. Оны ұмытпау керек.

Әуедегі қауіпсіздік жерден басталады. Саланың әр маманы қателік жібермеуі керек. Осылай деген авиация саласының ардагерлері жастарға ақыл-кеңестерін айтып, көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.


Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу