Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің құрылғанына - 60 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің құрылғанына - 60 жыл

21.05.2015
Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің құрылғанына - 60 жыл

Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің құрылғанына 60 жыл толды.

Қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы атақты композитордың есімімен аталатын қара шаңырақ жарты ғасырлық тарихында төрт мыңнан астам мәдениет саласының өкілдерін түлеткен.

Музыка өнеріне талай дарындыларды әкелген білім ошағының мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

Колледжде кезінде Роза Рымбаева, Секен Тұрысбеков, сазгер Мәуліт Рахымбаев білім алған.

Мерейтойлық шара кезінде білім ордасының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу