Астанада Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

12.02.2019

Қазір Қазақстанда 18 мыңнан астам Ауған соғысының ардагері бар. Қан майданның даласынан Кеңес әскерінің шығарылғанына биыл тура 30 жыл. Еліміздің түкпір-түкпірінде атаулы күнге орай, ауқымды шаралар өтіп жатыр. Солардың бірі Астана қаласындағы Байқоңыр аудандық әкімдігінің ұйымдастырған мерекелік шарасы. Ардагерлерге құрмет көрсетіліп, мерейтойлық медальдер табысталды. Қан майданда көз жұмған сарбаздарды үнсіздікпен еске алып, әскери патриоттық әндер орындалды. 

Сембек Қабиев, Ауған соғысының ардагері:

- Соғыс біздің бір үйдің баласындай етіп жақындастырды. Қандай адам болсын, егер ол Ауған соғысында қызмет етіп келген болса, ол менің бауырым. Осы уақытқа дейін жұмылған жұдырық сияқты әрқашанда бір-бірімізге көмектесіп, бір-біріміздің жағдайымызды біліп жүреміз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу