Сарапшы: Білім саласын дамыту бастамасы құптарлық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Білім саласын дамыту бастамасы құптарлық

24.09.2024

Қазақстанда 20-дан астам шетелдік жоғары оқу орнының филиалын ашу идеясы құнды бастама. Қазақстан Президенті өз Жолдауында кадрлық әлеуетті арттыру, түрлі салада маман тапшылығын жою мәселесін орынды көтерді. Өзбекстандық сарапшылардың пікірі осындай. Қос ел болашақ мамандар даярлауда ынтымаққа қол жеткізіп келеді. Мұның бір дәлелі биыл Шыршық қаласында Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалы ашылып, жұмысын бастады. Тату көрші екі мемлекетке ортақ құндылықтарды сақтау, құрметтеу бізге аманат. «Ал сол аманатты ілгері апарушы жастар» - дейді сарапшы Шерзодхон Кудратхужа.

Шерзодхон Кудратхужа, Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры, профессор:

Бауырлас екі елдің тарихы ортақ, бізді байланыстыратын нәрсе көп. Солардың бірі жас буынның тәлім тәрбиесі мен сапалы білім алуына қатысты. Қазақстан басшысы өз жолдауында білім саласына баса мән берген. Жаңа мектептер салу, білім ошақтарын күрделі жөндеуден өткізу бойынша қойылған міндеттер өте өзекті.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу