Мобилографтар арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мобилографтар арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

19.09.2024

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған мобилографтар арасындағы байқау аяқталды. Сайысқа қатысқан 2,5 мыңға жуық үміткердің ішінде, алыс-жақын шет мемлекеттерден де атсалысқан азаматтар бар. Сонымен үшінші орын Арман Тұрлыбековке бұйырса, екінші орынға Аманқұл Ерасыл қол жеткізді. Ал бас жүлдені Берікбол Аймырза жеңіп алды.

Берікбол Аймырза, мобилограф:

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған конкурста жеңіске жеткеніме қуанып отырмын. Мықты мобилографтар қатысқан. Көкшетаудағы әріптестеріме алғысымды білдіремін.

Енді конкурстың жеңімпазы Президенттің жеке мобилографы ретінде іс-сапар немесе іс-шара барысында бір күн жұмыс істейді. Жалпы үздік төрттіктен көрінген мобилографтарға бағалы сыйлықтар мен қаржылай қолдау бар. Бұдан бөлек, 5 және 20-орын аралығындағы жүлдеге ие болған азаматтарға ынталандыру сыйлықтары табысталмақ.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу