Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды

01.05.2014
Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды
Кеше «Астана» радиосында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды. Байқаудың шарты бойынша тыңдармандар 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арнап, кез-келген тілде ән немесе өлең шығарып, оны astanafm.kz сайтына немесе «Утро столицы» бағдарламасының ВКонтактедегі парақшасына жіберу керек-тін.
 
Осынау конкурста жүзден жүйрік шыққан Шынар бас жүлдені - Қазақстан халқы Ассамблеясынан планшет иеленді. Ал екінші және үшінші орындарға ұйымдастырушылар тарапынан телефон, электронды кітап және МРЗ плейер табысталса, тағы 4 адам ынталандыру сыйлығына ие болды.  Айта кетейік, бұл жарыста kaztrk.kz   порталы да сырт қалмады. Вебредакторымыз Мәншүк Ахметова жүлделі болды.
 

Хабарламаларға жазылу