Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырына шығуға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырына шығуға тыйым салынды

17.09.2024

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларына шығуға тыйым салынды. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігі үшін қолға алынған шара. Бүгіннен бастап әкімдік өкілдері тұрғындармен, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесе зәулім ғимараттардың шатырларын тексеруді бастап кетті. Жауаптылардың сөзінше, бұдан былай тұрғындар техникалық қабатқа тек басқарушы компаниялардың рұқсатымен көтеріле алады. Мегаполисте жалпы саны 9 мыңнан аса көпқабатты тұрғын үй бар.

Дастан Маусымбаев, Қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы:

Тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта енді ашық қалған шатырлар жоқ. Осы бағытта әлі жұмыстар жалғасуда. Қандай да бір ақаулар болған жағдайда біздің басқарма ретінде аудан әкімшіліктері келіп, тексеріп, нұсқама береміз. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу