Испанияда егіс алқаптарына зақым келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда егіс алқаптарына зақым келді

05.09.2023

Испанияда нөсер жауын мен алапат тасқыннан егістік алқаптарына орасан зақым келді. Ауылшаруашылығы техникалары да бүлінген. Тұрғындар топан судан қорғану кезінде жан сақтау үшін үйлердің шатырына шығуға мәжбүр болды. Халықты қауіпсіз жерге көшіру үшін тікұшақтар тартылған. Дамылсыз жаңбырмен қатар кей аудандарға бұршақ жауды. Соңғы мәліметтерге сай, табиғи апаттан 3 адам қаза тауып, тағы үш тұрғын жоғалып кеткен.    


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу