Орталық Еуропада тасқыннан 8 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Еуропада тасқыннан 8 адам қаза тапты

16.09.2024

Орталық Еуропада «Борис» дауылы әкелген тасқын күшейе түсті. Бірнеше елді жайлаған табиғи апаттан 8 адам қаза тапқан. Олардың алтауы – Румыния азаматы. Австрия астанасы Венаның айналасы апат аймағы деп жарияланды. Азаматтарды құтқару барысында өрт сөндіруші қаза тапқан. Бұған қоса нөсер жауын кезінде мыңдаған қарлығаш қырылып қалды. Олар толассыз жауыннан азық таппаған, әрі суықтан өлген . Чехия мен Польша халқы соңғы 30 жылда болмаған су тасқынына куә. Мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Жүздеген адам электр жарығынсыз қалды. Үздіксіз нөсер жауын мен тасқынның жүруіне климаттың өзгеруі себеп. Ғалымдардың айтуынша, мұндай құбылыстар жиілей түспек. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу