Вьетнамда тасқыннан 37 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда тасқыннан 37 адам қаза тапты

12.10.2017

Вьетнамның солтүстігі мен орталығында толассыз жаңбыр соңы алапат тасқын мен көшкінге ұласып, 37 адамның өмірін қиды. Тағы 20-дан астам тұрғын жараланып, 40-қа жуығы жоғалып кеткен. Қазір  іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр.

«Ассошиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, тропикалық дауыл салдарынан жолдар шайылып, мыңға жуық үй қираған. Тасқыннан, әсіресе, Ниньбинь провинциясы көп зардап шекті. Мұнда екпінді желден электр сымдары үзіліп, байланыс жұмысы бұзылды. Жергілікті билік апатқа байланысты мыңдаған адамды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу