Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Президент Жолдауы талқыланды. Ғалымдар мен сарапшылар жылдың басты құжатында білім беру саласына, жұмысшы мамандықтарға ерекше көңіл бөлінгенін және атом электр станциясының маңыздылығына тоқталды. Уран өндіру бойынша әлемде үздік үштікке кіретін Қазақстан үшін атом энергиясын өндіруде шикізаттан тапшылық болмайды. Ал халық саны өсіп, өндіріс орындары ашылған сайын электр қуатына деген сұраныс арта түспек.
Есенғали Смағұлов, профессор:
Егер өзімізде атом электр станциясы салынатын болса, онда біз ешкімге тәуелді болмаймыз. Өзімізде уран жетеді. Біздің болашағымыз, халық саны өсіп жатыр. Яғни, қалалар өседі. Оқу орындарының саны өседі.
Қуаныш Қанатұлы