Мәскеуде сарапшылар Президент Жолдауын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде сарапшылар Президент Жолдауын талқылады

03.09.2020

Қытайдан тараған індеттің салдары төрткүл дүниені түгел теңселтіп тұр. Дәл осы қиын кезеңде Президент Жолдауы түйінді түйткілдердің шешімін тауып, экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Ресейлік сарапшылар осындай пікірде. Мәскеу төрінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы талқыланды. Қарапайым халықтың тұрмысын түзеуге бағытталған бағдарламалық құжаттағы маңызды тетіктерге шетелдік саясаттанушылар да баса назар аударып отыр.

Дмитрий Фетисов, саясаттанушы:

- Алдымен жолдауда жемқорлық, адам саудасы сияқты нақты мәселелер көтеріліп, мысалдар келтірілді. Сонымен қатар оны шешу жолдары ұсынылды. Қазақстан көптеген мемлекетке ортақ бар проблеманы жасырмай, ашық көрсетіп отыр. Дәл мұндай қадам қазір өте маңызды.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу