Түркістан жастары Президент Жолдауын талқылады

17.09.2019

Түркістандық жастар еліміздегі әлеуметтік, саяси бастамаларды қолдайды. Олар дөңгелек үстел басына жиналып, Президент Жолдауында айтылған стратегиялық, экономикалық даму тетіктерін талқылады. Білік пен халық арасында байланыстың жаңа форматы керек. «Осы орайда жастар қауымы ерекше белсенді болуы шарт»,- дейді олар. Өңірде Жолдаудың орындалуын қадағалайтын қоғамдық бақылау пайда болды. Нақты айтсақ, азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайтын, әрі оған жауап беретін құрылым жасақталды. Жиынға қатысқан саясаттанушылар Президент жолдауын қоғамдық сананы жаңғыртушы элемент деп бағалады.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

Қоғамдық саяси кеңістікті әртараптандыру қарастылған. Пікірлер плюрализмі, көзқарастың әралуандығы... Қазақстан аймақтардан тұрады. Сондықтан аймақтардың әлеуметтік дамуы тұтас еліміздің дамуы болып есептеледі.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу