Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары елге оралды

10.09.2024

Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды. Бүгін Астана әуежайында спортшыларымызды қалың көпшілік құрметпен қарсы алды. Париж төрінде еліміздің көк байрағын көкке желбіреткен еліміздің мақтаныштары ел қоржынына 9 медаль салған болатын. Оның екеуі алтын.   

Ыстық ықылас. Құрмет пен қошемет. Паралимпиада жеңімпаздарын жиналғандар осылай қарсы алды. 

Көптің арасында пара дзюдодан алтын медальді қанжығалаған Ақмарал Науатбектің қос анасы да болды.

Роза Бужігітова, XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбектің анасы: 

Он мың адам. Бәрі қошеметтеп жатыр. Ақмарал шыққан кезде оның жүріс-тұрысынан, қарағанынан мен түсіндім. Оның чемпион екенін. Міне, Ақмаралдың жарының анасы. Барлығымыз Парижге ұшып бардық.

Ақмарал – ел тарихында паралимпиада ойындарында алтын алған үшінші қазақстандық спортшы. Бұл жеңісімнің соңы емес, - дейді чемпион.

Ақмарал Науатбек, XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы /пара дзюдо/:

Давид Дегтярев осы жолы екі дүркін пауэрлифтингтен чемпион болды. Мен де екі дүркін Паралимпиада чемпионы боламын ба деген ой бар.

Давид Дегтярев, XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы /пара пауэрлифтинг/:

Осындай зор құрмет-қошеметтеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін. Бірінші кезекте жаттықтырушыларыма рахмет. Жеңіс қажырлы еңбектің тәтті жемісі деп тілемін.

Ерғали Шамей, XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері /пара дзюдо/:

Бұл жеңіске жету үшін 4 жылдың көлемінде дайындалдық. Қазақ елі баршаңызға рахмет. 

XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан жақсы нәтиже көрсетті. Ел құрамасы 9 медальді қанжығалады. 2 алтын, 3 күміс, 4 қола бар. Осылайша, байрақты бәсекеде 39-орынға тұрақтады.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу