Көкпардан Ұлттық құрама жартылай финалда өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкпардан Ұлттық құрама жартылай финалда өнер көрсетеді

10.09.2024

Ал, аударыспақ, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату және көкпар қалай өтті? Нәтиже қандай? Күні бойы «Қазанат» ипподромында осы ойындарды тамашалаған тілшіміз Асылбекке кезек берейік. 

Асылбек Данияр, тілші:

Көшпенділер ойындарындағы тартысты жарыстардың бірі - аударыспақтан жарыс аяқталды. Ел намысын алты салмақ бойынша қорғаған спортшының бәрі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Оның бесеуі чемпион атанса, біреу күміске ие болды. Ұлттық құраманың бас бапкері бізге берген сұхбатында міндеттеме 4 алтын медаль деген болатын. Меже артығымен орындалды.

Түрік стиліндегі жамбы ату сайысында қазақстандық спортшылар құрама қоржынына алтын және қола медаль әкелді.

Дәстүрлі садақ атудан «Қалқан» нысанасы бойынша мергендеріміз қос жүлдені сыйлады. Ербол Тапенов күміс жүлдегер атанса, Қасымхан Қанат қоланы қанағат тұтты. Қазірше садақ атушылардың еншісінде 5 медаль бар.

Бұдан бөлек, көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалда АҚШ ковбойшыларын 12-4 есебімен жеңді. Енді көкпаршыларымыз жартылай финалда Ресей көкпаршыларымен кездеседі.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу