Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

02.08.2021

Токиодағы төрт жылдықтың басты бәсекесі бел ортасынан асып барады. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 қола медаль. Демалыс күндері екі бірдей боксшымыз шаршы алаңға шықты. Өкінішке қарай, 75 келіде өнер көрсететін Әбілхан Аманқұл ширек финалда қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтады. Ал Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік спортшыдан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді ширек финалда Зәкіржан Сафиуллин мен Сәкен Бибосынов өнер көрсетеді.

Бүгін сондай ақ жеңіл атлетика, грек-рим күресі, нысана көздеу, байдарка мен каноэде есу сынды спорт түрлерінен отандастарымыз жарыс жолына шықты. Әзірге қанжығамызға медаль бұйырмады. Ал сағат күндізгі төрт жарымда әртістік жүзуден Александра және Екатерина Немичтер сынға түседі. Бұл сайысты Qazsport арнасынан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу