Жерлесіміз Дастан Мұқашбеков Паралимпиада ойындарында ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алды. Бұл - аталмыш спорт түрінен еліміз үшін тарихи жүлде.
Ата-анасының айтуынша, Дастан Мұқашбеков бала кезінен спортқа әуес болған. Түрлі спортпен айналысып, тек 2016 жылы пара жеңіл атлетикаға ауысқан. Осы 10 жылға жуық уақыт ішінде Әлем чемпионатының жүлдегері Азия пара ойындарында жеңімпаз атанды. Енді міне Франция астанасында 16 метр нәтижесін тіркеп, жаңа Азия рекордын орнатты. Бұрынғысы да Дастан Мұқашбековке тиесілі. Пара спортшының ата-анасы баласының бұл жетістігінен кейін қуаныштан көздеріне жас алып, түнді ұйқысыз өткізген.
Сәуле Мұқашбекова, анасы:
Осы арманы орындалды, еңбегі ғой енді. Қуандық, секіріп... Әкесі жатқан... қызым жүгіріп, балалар ұйықтайын деп жатқан, олар да қуанып, жүрегіміз дүрс-дүрс етіп...
Жандос Бақытұлы