Алматы облысында еріктілер слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында еріктілер слеті өтті

31.08.2024

Алматы облысында еріктілер слеті өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға биыл облыс бойынша 127 волонтер қатысты. КСМ: Іс-шараның өтуіне Алматы облыстық Қоғамдық келісім және даму орталығы мұрындық болды. Үш күнге созылған слетте еріктілер Шарын мен Көлсайға экскурсия жасады. Айта кетейік, Алматы облысында 4000-ға жуық ерікті бар. Олар сегіз бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар слет аясында төтенше жағдайға тап болған аумақта эмоцияға ерік бермей, ұстамды әрекет ету үшін еріктілерге арнайы шеберлік сабақтары өткізілді.

Дидар Жұмахан, ұйымдастырушы:

Семинар барысында волонтерлер арнайы мамандардың, спикерлердің қатысуымен өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Негізі зооволонтерлік өте қиындау. Өйткені, қараусыз қалған жануарларға көмектесу, екінің бірінің қолынан келмейді. Бірақ, Алматы облысының волонтерлері ол тарапта да тысқары қалып жатқан жоқ.

Ясмин Мчедлизи, Қарасай ауданы «Ассамблея жастарының» төрайымы:

Өте жоғары деңгейде өтіп жатыр барлығы. Бізге қатысушыларға барлығы ұнап жатыр. Осындай форумдар, лагерьлер, слеттер сынды жобалар біздердің бірлігімізді күшейтеді және нығайтады деп ойлаймын.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу