Қызылорда облысында балықшылар слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында балықшылар слеті өтті

15.07.2015
Қызылорда облысында балықшылар слеті өтті

Сыр балықшылары 1920 жылы ашаршылыққа ұшыраған Волга бойындағы халыққа 14 вагон балық жөнелткендігі тарихта аты қалған дерек.

Қазір де теңіз жағасында қайнаған тірлік. Балық көп. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2000 жылы Аралда жылына небәрі 300 тонна балық ауланса, бүгінде бұл 20 есеге артқан.

Бұрын балық өзге елге шикізат ретінде кетсе, қазір дайын өнімді экспорттауға мүмкіндік бар. Былтырдың өзінде жалпы құны 4 миллион 662 мың АҚШ доллары болатын 715 тонна балық өнімі шетелге сатылды.

Сондай-ақ, қазір САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Жоба іске асса, Кіші Арал теңізі қалаға тағы 1 шақырым жақындайды. Онда жылына 30 мың тонна дейін балық ауланады, тиісінше балық өңдейтін зауыттардың жылдық қуаттылығы 30 мың тоннаға жетеді деген болжам бар.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу