Паралимпиада-2024: Екі күннің қорытындысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада-2024: Екі күннің қорытындысы

30.08.2024

Волейболды отырып ойнаудан спортшыларымыз Франция құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, сенімді түрде келесі айналымға өтті. Енді олар ертең Босния және Герцоговина құрамасымен сайысады. Ал қоладан үмітті пара таеквондодан Милана Красавцева, жұбаныш жекпе-жегінде Мысырлық спортшыға 1:8 есебімен есе жіберіп алды. Бүгін Т35 класында 100 метрге жүгіруде өнер көрсеткен Салтанат Әбілхасымқызы 16.52 секунд нәтижесімен мәреге тоғызыншы болып келді.

Салтанат Әбілхасымқызы, Пара жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі:

Паралимпиада үлкен жарыстардың бірі. Қобалжу болды, уайым болды. Дайындық барысында техникалық ақаулар көп болды. Қолымнан келгенін бәрін істедім. Келесі жарыста жақсы нәтижелер көрсетемін.

Сонымен қатар бүгін пара таеквондоның К44 класында өнер көрсеткен Камиля Досмалова ширек финалда сербиялық Мария Мицевпен кездесіп, 0:5 есебімен жеңілді. Енді Камиля қола медальға таласу мүмкіндігі үшін жұбаныш кездесуінде бақ сынайды.


Хабарламаларға жазылу