АҚШ-та азық-түлік бағасы арзандамай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та азық-түлік бағасы арзандамай тұр

30.08.2024

Америкалық сайлаушыларды алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі – азық-түлік бағасы. Халықтың күнделікті тұтынатын тауарлардың құны шарықтап кетті деп билікті сынға алды. Алайда президентіктен үміткер Камала Харрис кінәні елдегі ірі өндірушілерге артып отыр.

Қымбатшылық америкалықтардың қалтасын қағып жатыр. АҚШ-тың Еңбек Бюросының мәліметіне қарағанда әрбір азамат ай сайын азық-түлікке 700 долларға дейін жұмсайды. Бұл көрсеткіш әрі жыл сайын артып келеді. Халық бағаның шарықтауына наразы.

Десе де Трамп азық-түлік мәселесін реттеудің нақты механизмін ұсынған жоқ. Ал демократ Харрис қыбатшылыққа елдегі ірі корпорациялар кінәлі деп санайды. Президент болып сайланса, бағаны манипуляцияуға жол бермейтінін айтады.

Камала Харрис, АҚШ-тың вице-президенті:

Президент ретінде мен азық-түлік және үйдің бағасын төмендетуге күш саламын. Ірі корпорациялар жауапқа тартылу қажет. Америкалықтардың, оның ішінде жұмысшы таптың қолайлы өмір сүруіне барынша жағдай жасауға тырысамын.

АҚШ-тағы азық-түлік бағасы 2019-2023 жылдар аралығында 25 пайызға өсті. Биыл салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, тұтынушының қалтасына әлі салмақ салып тұр.

Пандемиядан кейінгі экеномикалық құлдыру мен үкіметтің бірнеше триллион долларды халыққа көмек ретінде таратып беруі құнсыздану деңгейін ұлғайтып, нарықтағы бағаның өсуіне әкелді. Мамандардың айтуынша, инфляцияны межелі екі пайызға дейін түсіру үшін әлі біраз уақыт қажет.

Арай Төлегенқызы, Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу