Мәулен Әшімбаев Ұлттық паралимпиада құрамасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Ұлттық паралимпиада құрамасымен кездесті

29.08.2024

Сенат төрағасы, Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев Франциядағы сапары кезінде Ұлттық паралимпиада құрамасымен кездесті. Пара атлеттерге дүбірлі додаға жолдама жеңіп алудың өзі, үлкен жетістік екенін айтып, оларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ бүгінде мемлекет ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдауға баса мән беріліп жатқанын атап өтті. Астанада паралимпиадалық жаттығу орталығы салынды. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде арнайы спорт клубтары мен мектептер жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде параспортшылардың саны 60 мыңға жетті. Ал ұлттық құрамаға мүше атлеттердің қатары мыңға жуықтады, - деді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті:

Тарихымызда бірінші рет осындай деңгейге жетіп, үлкен құрамда келіп отыр. Мұның барлығы біздің мемлекетіміздің тарапынан көрсетіліп жатқан үлкен көмектің шыңы деп айтса артық болмайды. Сондықтан паралимпиадада, Парижде Қазақстанның туын жоғары көтеріп, жеңістерге жетесіздер деп сенеміз. Соны тілейміз.


Хабарламаларға жазылу